Семейде науқастарды жеке мақсатына пайдаланған психоневрологиялық мекеме басшысына сот үкімі шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей қаласының №2 сотында «Семей қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бұрынғы директоры Қарлығаш Бергеневаға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен.
None
None

Қылмыстық іс материалдары бойынша, сотталушы өзінің қызметтік бабын қолданып, психоневрологиялық аурулармен ауыратын науқас мүгедектерді жеке мақсатына пайдаланған. Ол емдеу еңбек инспекторының бақылауымен оларды қызметтік көлік арқылы өзінің қызының бақшасына жіберіп, шаруашылық жұмыстарын жасатқан. Сот үкімімен Қ.Бергенева ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11 тармақтарымен психикасының бұзылуының зардап шегетін адамдарды пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған, жаза шартты деп танылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар