20:47, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Семейде педагогтардың байқау тестілеуі жүргізілуде
СЕМЕЙ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Семейде мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелері тәрбиешілерінің біліктілік байқау тестілеуі өтуде. Педагогтар Бірыңғай ұлттық тестілеу тәртібі бойынша емтихан тапсырады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Педагог қызметкерлерін әр бес жыл сайын біліктілік тестілеуден өткізу туралы шешімді ҚР Білім және ғылым министрлігі өткен жылдың қарашасында қабылдаған болатын. Бұдан былай мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің барлық қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттемелеріне сәйкестігін дәлелдеуі тиіс.