17:50, 02 Сәуір 2015 | GMT +5
Семейде пойыздағы жолаушы келіншек 11-ші сәбиін босанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа туған сәби мен анасын Семейдегі перинаталдық орталыққа жеткізгенде, бұл әйелдің 11-ші баласы екені анықталған.

Қазақтар әдетте жолда дүние есігін ашқан сәбилерге Жолдыбай, Сапаргүл деген сияқты есімдер қояды. Пойызда келе жатқан 38 жастағы келіншектің Семей қаласына тақағанда толғағы келген, деп хабарлайды 24.kz . Жолсеріктер жедел қимылдап, жолаушылар ішінен акушер тауып алады. Маман аман-есен әйелді босандырады. Жарық дүние есігін ашқан нәрестеге Ринат деген есім берілді. «Жедел жәрдем шақырып, ана мен баланы аман-есен перзентханаға жеткіздік», - дейді Семей теміржол бекетінің қызметкері Гүлзира Берікболова. Қырғызстаннан Ресейге бет алған келіншек пойызда күйеуімен және 10 баласымен бірге болған. Теміржол бекетінің қызметкерлері жолаушыларға қолдан келген көмектерін көрсетіп, отбасына сый-сияпат та жасапты.