Семейде прокуратура 1,2 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол бермеді
АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысында 1,2 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Семей қаласының прокуратурасы 1,8 млрд теңгеге жол инфрақұрылымын ағымдағы жөндеуге арналған мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.
Семей қаласының прокуратурасы ағымдағы жол жөндеу жұмыстарына арналған құны 1,8 млрд теңге болатын мемлекеттік сатып алуды жоспарлау барысында заң бұзушылықтарды анықтады.
Тексеру барысында жұмыстарды екі жыл ішінде орындау жоспарланғаны анықталды. Алайда бюджет қаражаты тек ағымдағы қаржы жылына ғана көзделген. Бұл мемлекеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалу қаупін туындатқан.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтар жойылды. Нәтижесінде 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылау бағытындағы жұмысын жалғастыруда.
Айта кетелік Абай облысында прокуратура 172 жүргізушіге заңсыз айыппұл салынғанын анықтаған еді.