Семейде шырша жағу салтанаты неліктен кешіктіріліп жатқаны айтылды

АСТАНА. KAZINFORM — Кейбір дереккөздерде Семейде шыршаның көлденең тіреуіші жоқ деген ақпарат тарады. Алайда Семей әкімдігі бұны жоққа шығарды. 

шырша
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Сіздерге басты қалалық шыршаның шамдарын жағу салтанаты 25 желтоқсанға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Бұл шара Семейге Coca-Cola мерекелік керуені келетін күнге шегерілді. Қала тұрғындары мен қонақтарына ертегідей атмосфера сыйлау мақсатында ұйымдастырылған шара барысында баршаңыз керуенмен және шыршамен естелік суретке түсе аласыздар, — деді ведомство.

Қалалық әкімдік шырша құрылысы толық аяқталғанын, желідегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

— Сонымен қатар, кейбір дереккөздерде шыршаның көлденең тіреуіші жоқ деген жалған ақпараттың тарағанын назарларыңызға саламыз. Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Шырша құрылысы толық аяқталған және барлық белгіленген талаптарға сай келеді, — деп атап өтті әкімдік.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қарағандының бас шыршасының шамдары жағылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, Шымкентте жаңа қосылған шырша өртеніп кете жаздағаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар