Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Семейде ШҚО халықтарының жаңа Достық үйін ашуға дайындық жүріп жатыр

ӨСКЕМЕН. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Семей қаласында ШҚО халықтарының жаңа Достық үйін ашуға дайындық жүріп жатыр. Қазір қалада 29 сәуірге жоспарланған салтанатты шараға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Семейде ШҚО халықтарының жаңа Достық үйін ашуға дайындық жүріп жатыр

Дәл осы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған «Бір шаңырақтың астында 20 жыл» үлкен мерекелік шарасы жоспарланған.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында қазіргі күні 81 этномәдени бірлестікті біріктірген 6 достық үйі жұмыс жасауда. Жылдың аяғына шейін, облыста қосымша екі достық үйін ашу жоспарланып отыр. Олар Бородулиха және Курчатов қаласында орналаспақ.