Семейде тұңғыш рет жазғы маусымда қаланың тұрғын шағынаудандарында ыстық су ажыратылмайтын болды
СЕМЕЙ.Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Соңғы бірнеше жылдардан бері биыл бірінші рет Семейдің тұрғын шағынаудандарында жазғы маусымда ыстық су ажыратылмайтын болды.
«Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны дағдарысқа қарамастан жылыту маусымын мамырдың 1-іне дейін ұзартуға шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жылыту маусымының ұзартылуына байланысты, сәуірдің 15-інен бастап жылуды бірінші кезекте әлеуметтік маңыздағы нысандар алатын болады. Ол үшін ауруханалар, мектептер, бала бақшалар мен интернаттар мекемені жылумен қаматамасыз ету туралы өтініш берсе жетіп жатыр. Сондай-ақ қызмет көрсетушіге қарызы жоқ үйдің тұрғындарына да жылу жеткізіледі. Дегенмен «Теплокоммунэнерго» МКК алдындағы қала халқының қарызы 450 миллион теңгені құрап отыр.