Семейде университеттік спартакиада басталды

СЕМЕЙ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушылары мен қызметкерлері жарыс алаңына шықты.

Семейде   университеттік  спартакиада басталды
Аталмыш жоғары оқу орнында дәстүрлі спартакиада басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Волейболшылардың кездесуімен ашылған спартакиада бағдарламасында футбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат және жүзу жарыстары бар. Біріншілік жүлдесіне ректораттың, барлық факультеттердің және колледждің командалары таласуда. Университет спартакиадасы осымен 13-інші рет өтіп жатыр.