Семейде жасөспірімдер алтыншы сынып оқушысын соққыға жықты

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей қаласында алтыншы сынып оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

БҚО-да 10 жастағы балаға буллинг жасалған: жасөспірімнің анасы жауапқа тартылды
Фото: freepik.com

Әлеуметтік желіде Семейде бір топ жеткіншек өз қатарласын соққыға жығып жатқан видео тарап кетті. Абай облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

— Іске қатысы бар барлық бала тез арада анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жеткіншектер полиция бөлімінде есепке алынады. Олардың мінез-құлқын облыстық кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясы қарайтын болады. Балаларын тәрбиелеуде өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін ата-аналар қатаң жауапқа тартылады, — делінген ақпаратта.

Оқиғаның себептеріне үңілу үшін оқу орнының әкімшілігіне ұсыныс жасалмақ.

Тергеу барысы Абай облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да балаларды буллингтен қорғау үшін арнайы чат-бот іске қосылғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар