Семейде жеңіл атлетикадан ҚР жоғары оқу орындары арасында ел біріншілігі өтті
МЕЙ, 17 қазан. ҚазАқпарат - 15-17 қазан аралығында Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің спорт кешенінің базасында
жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында ел біріншілігі өтті, деп хабарлады аталмыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Спорттық жарысқа «Жастар салауатты өмір салтын қолдайды» атты ұранмен еліміздің бірнеше қаласынан келген 200-ге тарта студенттер жеңіл атлетикадан өз мүмкіндіктерін сынап, түрлі шақырымдарда жүгірді. Жылдағы дәстүрге айналған спорттық сайыстың қорытындысы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрамасы жалпы командалық 1 орынға ие болды.