Семейде жылжымалы пошта жұмыс істей бастады

СЕМЕЙ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Қазпошта» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының инфрақұрылымын дамыту бағдарламасына сәйкес, Семейле «Пошта байланысының жылжымалы бөлімшесі» ашылды.
None
None
Қызмет көрсетудің жаңа түрі екі бағыт бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Пошта байланысының жылжымалы бөлімшесі халыққа пошта және қаржы қызметтерінің барлық түрлерін көрсетеді. Жаңа қызмет түрінің мамандары белгіленген бағыттар бойынша аптасына екі рет шығып отырады.
Соңғы жаңалықтар