Семейдегі орман өрті: полиция қаза тапқандардың жеке басын анықтап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында Семейдегі орман өртіне қатысты соңғы мәліметтермен бөлісе отырып, қаза тапқандардың кім екені анықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жаңа ғана тікұшақпен әуеден жағдайды тағы бақылап келдік. Бұған дейін айтқанымдай, өртті ауыздауға жел кері әсерін тигізіп жатыр. Сол сияқты орманның ішіне техникамен кіру қиындық туғызып тұр. Жалпы жағдай тұрақты әрі бақылауда», - деді Нұрболат Дербісов Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, тележүргізуші өрттен қайтыс болғандардың тағдырына қатысты сауал қойды.

«Сұрағыңыз орынды. Бәрімізге де оңай болып тұрған жоқ. Өрт басталғаннан кейін орман қызметкерлері байланысқа шықпай қалды. Олар қолданған техника қалдықтарының орны табылды. Қазір полиция қызметкерлері олардың жеке басын анықтай бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қайтыс болғандар туралы ақпаратты құзырлы органдар береді деп ойлаймыз. Біздің қазіргі міндет – өртті ауыздақтап, оның жақын маңдағы елдімекендерді жайлауына жол бермеу», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар