Семейдегі «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының жауынгерлері кәсіби мерекелерін спорттық шарамен қарсы алды

СЕМЕЙ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының жауынгерлері Отан қорғаушылар күнін спорттық түрде атап өтті.
None
None

Барлық әскери бөлімшелердің өкілдері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған жеңіл атлетикалық жүгіруге қатысты.

Семей гарнизонының әскери бөлімшелерінде дене дайындығына ерекше назар бөлінеді. Бұны 3 километрлік марафонда ерлермен қатар әйел жауынгерлердің де қатысуы дәлелдеп отыр.

Спорттық шаралардың ұйымдастырушылары жоғарғы көрсеткіш емес, денсаулықты дәріптеуді, дене дайындығы мен әр қатысушының жауынгерлік ептілігін арттыруды мақсат еткен.

Соңғы жаңалықтар