Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Семейдегі тұрғын үйінде болған өрт салдарынан 3 жасар бала көз жұмды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Семей қаласының тұрғын үйлерінің бірінде орын алған өрттің салдарынан 3 жастағы бала көз жұмды,  деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Семейдегі тұрғын үйінде болған өрт салдарынан 3 жасар бала көз жұмды - ҚР ТЖМ

Жұма, 27 сәуірде Семей қаласының Достоевсий көшесі, 98 үйде орналасқан  5 пәтерлі үйдің 1-ші және 2-ші қабаттағы төбе жабындысы, баспалдақ өртенді. Тілсіз жау 170 шаршы метрді шарпып өтті. ТЖ орын алған жерде 3 жасар баланың мәйіті табылды, иіс тиген 60 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.

 Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 38 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды.