Семейдің интернационалист-жауынгерлеріне кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл толуы құрметіне медальдар тапсырылды
СЕМЕЙ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Бүгін Семей аймағының «ауғандық» жауынгерлері қос мерекені атап өтуде. Қазақстан халқының бірлігі күні қалалық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйінде ауғандық соғыс ардагерлеріне «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл» медалі салтанатты жағдайда тапсырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Интернационалист-жауынгерлерді Семей әкімі Мейрамхат Айнабеков Қазақстан халқының бірлігі күнімен және өмірлеріндегі қуанышты мерекемен құттықтады. Өзінің құттықтауында ол бүгінде аймақта мемлекеттің шақыруымен интернационалдық борышын орындаған 500-ден астам сарбаз тұратынын атап өтті. 42 семейлік жауынгер ұрыс даласынан оралмады.Бүгінде ауғандық-жауынгерлердің қоғамдық ұйымы республикадағы таңдаулы қоғамдық құрылымдардың бірі. Интернационалист-жауынгерлер мектептермен тығыз байланыс жасап отырады, ауған жерінде қаза болған боздақтардың ата-аналары мен отбасыларына көмектесіп тұрады. Қоғамдық ұйым жауынгер достарының, майданнан оралмаған жолдастарының өмірбаяндық материалдары жинақталған «Естелік кітап» шығарды.