Семейдің жас балетшілері Хельсинкиді тәнті етті

СЕМЕЙ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Семейдің мамандандырылған балет мектебінің тәрбиеленушілері Финляндияның астанасы Хельсинкиде өткен «Жер шарының жастығы» Халықаралық фестиваль-конкурсында бірінші орынды иеленді және бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осы мәртебелі конкурсқа жолдаманы Семейдің жас балетшілері Санкт-Петерборда өткен іріктеу турынан өткеннен кейін жеңіп алды. Онда жерлестіріміз «Қыранның қалықтауы» деген композицияны ұсынды.Қазіргі заманғы биді Шығыстың халық билерімен ұштастыра білген семейлік жас бишілеріне Хельсинкидің мәртебелі төрешілері орнынан тұрып қошемет көрсетті.
Соңғы жаңалықтар