Семейге Хиросимадан ерлік пен үміт символы - Гингко ағашы әкелінді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалыстың 25 жылдығын атап өтуге арналған шаралар аясында «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды» ұйымының бас хатшысы Ясуёши Комизо және ХЯҚҚ президенті Олжас Сүлейменов «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды» ескерткіш тасының маңына Хиросимадан әкелінген «Гингко» ағашының көшетін отырғызды. «Невада-Семей» ХЯҚҚ 25 жылдығына орай аталған көшетті Жапониядан Хиросима қаласының мэрі, «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды» ұйымының президенті Мацуи Кадзуми жіберген.
None
None

«Гинкго» ағашы - Хиросимадағы атом бомбалауынан аман қалған ағаш. Сол кезден бастап ол Хиросима қаласы тұрғындарының ерлігі мен үмітінің нышанына айналған.

Еске сала кетейік, ядролық сынақтарға қарсы күрес күні Семейде Бейбітшілік акциясы өткен. Дәстүрге айналған Бейбітшілік акциясы Полковничье аралында ядроға қарсы форумның қатысушыларының қатысуымен үрмелі аспаптар оркестрінің орындауындағы марш музыкасымен өтті. «Заман-ай» әні орындалғанда жиылғандар Семей полигонында болған ядролық сынақтан жапа шеккендерге арналған «Өлімнен күшті» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Акцияға қатысушылар зұлматты басынан кешкен азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар