Семейлік 15 көп балалы анаға
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Семей қалалық әкімдігінде көп балалы 15 анаға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" наградалары табыс етіліп, оларға тиісті сый-сияпат көрсетілді. Бұл ақпаратты Семей қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты жиында Семей қаласы әкімінің орынбасары З.Исабаева көп балалы аналарды қала басшылығы атынан шын жүректен құттықтап, оларға салтанатты түрде наградаларын табыс етті. "Біз сіздердің алдарыңызда басымызды иіп, алғыс білдіреміз. Сіздер мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп, егеменді еліміздің еңсесін көтеруде зор үлес қостыңыздар ", - деп атап өтті З.Исабаева.
Өз кезегінде аналар Елбасының осынау қамқорлығына зор алғыстарын білдіріп, жергілікті басшылықтың жұмыстарына сәттілік тіледі.