15:23, 22 Ақпан 2010 | GMT +5
Семейлік семсерлесушілер Азия чемпионатына қатысады
СЕМЕЙ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде семсерлесуден қалалық чемпионат аяқталды.
Спорттың әдемі және сәнді түрі болып табылатын семсерлесу - Семей өңіріне кең танымал. Семейлік семсерлесушілер қалалық және облыстық деңгейде ғана емес, халықаралық жарыстарда да өнер көрсетіп, республиканың абыройын қорғап келеді. Мысалы, былтыр Сингапурде өткен Азия чемпионатында Қазақстан командасы бірінші орынды иеленді. Сол жолы семейліктер құрама қоржынына алты медаль салды.
Биылғы қала біріншілігінің қорытындысы бойынша жеті шебер республика құрамасының қатарында ағымдағы жылы Манилада өтетін Азия чемпионатына қатысады.