Семейлік жастар EXPO-2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның бастамасына флэш-мобпен қолдау білдірді

    АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 20 қыркүйегінде Семей қаласында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты EXPO-2017 Astana Халықаралық жобасын қолдау мақсатында бұқаралық іс-шара ұйымдастырды.
None
None

Семей қаласының 200-ден астам студенті Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге Астана қаласының өтініміне қатысты өз қолдауын білдірді.

Қазақстан ұсынған көрме тақырыбы "Болашақ энергиясы" деп аталады. Бұл күн, жел, су сияқты баламалы энергия көздері ғана емес, сонымен қатар жастардың ынта-жігерлері, дәл осы болашақ энергиясын жас семейліктер өздерінің  флеш-мобында көрсетті.

«Жас Отанның» жетекшілігімен Семей қаласының студенттер қоғамы бүгін Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қолдау мақсатында орталық  алаңға жиналып отыр. Біз EXPO-2017 Халықаралық көрмесі сияқты орасан зор іс-шараға Отанымыздың елордасы - Астана қаласының қатысуына  шын жүректен тілектеспіз», - деп атап өтті Семей қалалық «Жас Отан» жастар қанаты филиалының  көшбасшыларының бірі  Қайсар Еркінбаев.

Флеш-мобты ұйымдастырудағы негізгі идея - баламалы энергетиканы дамытудың өзектілігін көрсету және EXPO-2017 көрмесінің Астана қаласында өткізілуіне қолдау білдіру.

Еске салайық, ЕХРО-2017-ні өткізетін елдің аты 160 мүше-мемлекеттің қатысуымен 2012 жылдың 22 қарашасында өтетін Халықаралық көрме бюросының Бас Ассамблеясында аталатын болады.

Соңғы жаңалықтар