Семейлік IT-мектеп Астанадағы байқауда үздік әлеуметтік жоба болып танылды

АСТАНА. KAZINFORM — «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясында KAZ Minerals компаниясы Семей қаласында салған жаңа мектеп жеңімпаз атанды.

IT-школу в Семее признали лучшим соцпроектом на премии в Астане
Фото: KAZ Minerals

2024 жылы ашылған аталған IT-мектеп-лицей 1800 оқушыға арналған. KAZ Minerals Тобы мектеп құрылысына 10 миллиард теңге көлемінде инвестиция салды. Жоба бір жыл ішінде жүзеге асырылды.

IT-школу в Семее признали лучшим соцпроектом на премии в Астане
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

— Бұл адам капиталын дамытуға арналған стратегиямыздың маңызды кезеңі. Біз тәжірибеден өткізу, қайта даярлау және мектептерді бар қажеттілікпен қамтамасыз ету арқылы білім беру саласын көптен қолдап келеміз. Жаңа лицей жалпы білім беру талабына сай, — дейді «KAZ Minerals Management» ЖШС басқарма төрағасы Эльдар Мамедов.

Мектеп Семейдегі бұрын оқу орны болмаған ауданда тұрғызылған.

премия
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

— Біз толық жабдықталған, заман талабына сай даму кеңістігін аштық. Бұл балалардың жарқын болашағы мен аймақтағы өмір сапасын арттыруға қосылған үлес екеніне сенімдіміз. Еңбегіміздің еленгені қуантады, — дейді Эльдар Мамедов.

Оқу орнында информатикалық, мультимедиалық бөлмелер, зертханалар, шеберханалар мен еңбек және кулинарияға арналған жалпы саны 48 кабинет бар. Мектепте инклюзивтік талаптары ескерілген.

премия
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

KAZ Minerals өкілдері бұдан бөлек «Жыл тәлімгері» және «Жыл шахтері» номинацияларында да ұсынылған болатын.

— Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Әріптестерім мен барлық кеншілерге рахмет! Баршаңызға денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін тілеймін, — дейді «Жыл шахтері» номинациясында жеңіске жеткен Ертіс кенішінің бұрғылаушысы Тимур Серікпаев.

«Жыл тәлімгері» номинациясында Ақтоғай кен байыту фабрикасының флотаторы Күлкен Дагилова үздік атанды. Қазіргі уақытта оның шәкірттері саладағы басшылық қызметтерді атқарады.

Соңғы жаңалықтар