Семсерлесуден Астанадағы әлем кубогында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Семсерлесуден алғаш рет елордада өтіп жатқан әлем кубогында ел қоржынына бірінші жүлде түсті. 

Семсерлесуден Астанадағы әлем кубогында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының шпага бойынша өкілі Руслан Құрбанов күміс жүлдеге ие болды. 

Отандасымыз финалда Украина спортшысы Роман Свичкарьмен шеберлік байқасып, 12:15 есебімен қарсыласына жол берді.

Русланның әлем кубогындағы жеңісті жолы:

1/32 финал. Дмитрий Швелидзе - 15:8

1/16 финал. Филипе Фразао - 15:11

1/8 финал. Мигель Фразао - 15:10

1/4 финал. Коки Кано (2 дүркін Олимпиада чемпионы) - 9:8

1/2 финал. Давид Надь - 15:13

Айта кетейік, ертең командалық сайыстар өтеді.

Бұған дейін Руслан Құрбановтың Астанадағы семсерлесуден әлем кубогының финалында бақ сынайтынын жазғанбыз.