07:18, 09 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Семсерлесуші Руслан Құрбанов Канададағы әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
АСТАНА. KAZINFORM — Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Ванкуверде (Канада) өтіп жатқан әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады.
Жекелей сында отандасымыз Руслан Құрбанов ең үздік нәтиже көрсетті. Ол жалпы есепте үздік ондыққа енді.
Кирилл Проходов — 26-орын, Никита Жулинский — 42, Александр Федотов — 46, Кирилл Павлов — 64, Вадим Шарлаимов — 85, Эльмир Әлімжанов — 118, Алексей Касаткин — 161, Ерлік Сертай 180-орын алды.
Айта кетейік, командалық жарыста Қазақстан 13-орынға тұрақтады.
Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық семсерлесушілердің Гонконгтегі әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енгенін жазған едік.