Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сенат депутаттары Қаратөбе ауданы активімен кездесті

ОРАЛ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысынан сайланған Сенат депутаттары Рашид Ахметов пен Ерболат Мұқаев Қаратөбе ауданы активімен кездесіп, Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары жөнінде әңгімелеп берді,

Сенат депутаттары Қаратөбе ауданы активімен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Депутаттар Жолдауға байланысты ел көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бұл өзгерістерден ауыл-аймақ та тысқары қалмайтынын жеткізді. Р.Ахметов пен Е.Мұқаев тұрғындар сауалдарына да толық жауап берді. Аудандық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы Тілекқабыл Сағыновтың айтуынша, Елбасы Жолдауын түсіндіруге байланысты насихат-үгіт топтары ауданда да құрылып, барлық елді мекендер тұрғындарымен кездесіп те үлгерді.