Сенат Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер енгізген хаттаманы қабылдады

ТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заңы қабылданды.

Сенат Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер енгізген хаттаманы қабылдады

Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған.

Бұл ретте құжат Кеден одағы комиссиясының тиімділігін арттыруға бағытталады және құжат 4 баптан тұрады. Оған сәйкес хаттама мен Кеден одағы комиссиясы шешімдерінің күшіне ену мерзімі нақтыланады. Сондай-ақ, комиссияға жекелеген мәселелер бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұсыныстарын қарау мен ұстанымдарын келісу үшін үйлестіру және консультативтік органдар құру құқығы беріледі.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.