Сенат комитеті кеден ісіне қатысты 4 заң жобасын қарады

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде «Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді ратификациялау туралы»,
None
None
«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы», «Тауарлардың шығарған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобалары талқыланды.Бұл заң жобалары Қазақстан Республикасы, Беларус Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағының құқықтық негізін қалыптастыру мақсатында әзірленген болатын.Келісім кеден одағының тараптары ? мемлекеттердің кеден шекарасы арқылы тасылатын тауарларға қатысты іске қосылады.Оның ережелері аясында кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың бірыңғай ережесін белгілеу, кеден одағының бірыңғай кеден тарифін қолдану және өзара тиімділік пен халықаралық құқық негізінде сауданы дамыту, сондай-ақ көптарапты сауда жүйесін бекіту үшін қолайлы жағдай туғызу қарастырылып отыр.Үшінші заң жобасына қатысты айтқанда, ол Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің қарсаңында және әлемдік саудаға барынша жәрдемдесу жағдайында кеден ісі саласында халықаралық стандарттарды енгізу мақсатында әзірленгені атап өтілді.Конвенция Дүниежүзілік кеден ұйымы аясында қабылданған мемлекетаралық сипаттағы жалпыға бірдей халықаралық құжат болып табылады. Бүгінде Ұйымға 174 мемлекет, оның ішінде конвенцияға - 59 ел қатысады.Кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды. Заң жобасының негізгі мақсаты ислам банкілерінің, арнайы ислам қаржы компанияларының қызметін және ислам қаржыландыру құралдарын енгізудің құқықтық негізін қалыптастыру болып табылады.Сондай-ақ Азаматтық және Салық кодекстерінің, «Банк және банк қызметі туралы», «Құнды қағаздар нарығы туралы», «Инвестициялық қорлар туралы», «Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейде банкілерге салынған депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы» заңдарға түзетулер енгізілетін болады.Барлық заң жобалары палатының қарауына ұсынылатын болды.
Соңғы жаңалықтар