Сенат комитетінде санитариялық шаралар жөніндегі келісім туралы заң жобасы талқыланды

АНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасының мақсаты Кеден одағының кедендік аумағын инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың) халық арасында таралуынан және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін өнімнің (тауарлардың) әкелінуінен қорғауды, сонымен бірге, заң жобасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету шаралары қамтылады. Келісім Кеден одағының санитариялық талаптар мен шараларды қолдану саласында келісілген саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл Кеден одағының аумағын жануарлардың жұқпалы аурулары қоздырғыштарының әкелінуінен және таралуынан қорғауды әрі экономикалық шығынды азайтуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық саудадағы кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілетін болды.

Соңғы жаңалықтар