Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Комиссиясының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы, Елші Норбер Жустенді қабылдады
деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропаның ауқымды ынтымақтастығы, оның ішінде біздің еліміздің ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі мәселелері жайында пікір алмасылды.
Еуроодақты Қазақстанның ірі инвесторы әрі сауда әріптесі ретінде атап өте келіп Төраға «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында өзара тиімді ынтымақтастыққа мол мүмкіндік ашылатыны туралы пікірін білдірді.
Қазақстанның алдағы уақытта ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мәселелеріне тоқтала келіп Қ.Тоқаев қоғамның барлық салаларындағы демократиялық үдерістерді тереңдетуге бағдарланған жұмыстар туралы айтты.
Еурокомиссия Өкілдігінің басшысы Н.Жустеннің айтуынша, ЕҚЫҰ-на төрағалық ету Қазақстан үшін маңызды міндет екенін және осы ізгілікті іске әзірлік барысында табысты болуға тілектестігін білдірді.