Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің Еуропа істері жөніндегі орынбасары баронесса Гленис Кинногпен кездесті
деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу барысында Қазақстанның алдағы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету, адам құқын, әйелдер мен балалар құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін қалыптастыру негізгі тақырып болды.
Пікірлесудің маңыздылығын атап өте келіп Төраға талқыланған мәселелердің өзектілігіне тоқталды және адам құқын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы Сенаттың заң шығару жұмыстары туралы айтты.
«Қазақстан қоғамында осы маңызды салаға қатысты мәселелерді талқылауға болады. Біз осы салаға қатысты тетіктерді дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдарға қолдау білдіреміз»,-деді Төраға.
Біздің еліміздің ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мәселелеріне қатысты Қ.Тоқаев Қазақстан Ұйымдағы өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті.
«Біз ЕҚЫҰ күн тәртібін қолдаймыз, жүзеге асуына арнайы құрылған мемлекеттік комиссия жауап беретін ауқымды бағдарлама әзірленді. Біз ядролық қаруларды таратпау, заңсыз көші-қон, есірткі және адам саудасына қатысты тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты маңызды қатерлерді талқылауға әзірміз», деп атап өтті Қ. Тоқаев.
Біздің еліміздің Ұйым ісіне енгізетін оң тәжірибесі ретінде ұлтаралық және конфессияаралық келісім және толеранттық өнегесін айтуға болады.
«Тұтас алғанда,- деді Төраға,- Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі маңызды әрі мазмұнды болады».
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ретінде Қ.Тоқаев Ұйым құндылықтарын ілгерілетудегі парламентшілердің рөлін, жауапты аймақтағы үдерістерге оң әсерін жоғары бағалады.
Дипломат өз кезегінде Қазақстанның адам құқын қорғау саласындағы жетістіктерін атап өтіп, ЕҚЫҰ-на төрағалық етуде біздің еліміздің табысты болатынына сенім білдірді.
Г.Кинногтың айтуынша, алдағы үдерістерде Парламенттің рөлі маңызды, сондықтан Сенат Төрағасының ойлары бұл мәселеде Ұйымның жоғары лауазымын иеленуіне Қазақстанның әзірлігін көрсетіп отыр.