Сенат Төрағасы Павлодар облысы активімен кездеседі
ПАВЛОДАР. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Павлодарға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметінен.
Қ.Мәми облыс активімен кездесіп, онда Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіреді.
Сондай-ақ Сенат Төрағасы Павлодар мемлекеттік университетіндегі аймақтық ғылым өкілдерімен кездеседі.