Сенат Төрағасы СҚО идеологиялық активімен кездесті

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Петропавлда Төрағаның қатысуымен жергілікті өкілді органдар мен атқарушы биліктің қаржы дағдарысы жағдайында өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелеріне арналған мәслихат болды.
Жұртшылық алдында сөз алған Қ.Тоқаев 1995 жылғы 30 тамызда ел азамататтары қабылдаған Негізгі заңда белгіленген іргелі қоғамдық қағидалар мен тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылысы мәселелеріне мәслихатқа қатысушылар назарын аударды. Биыл Конституция күні мемлекеттік мейрам ретінде мерекеленетін болады.
Төрағаның айтуынша, өкілді билік органдары дамуының жаңа сатысы 2007 жылғы қабылданған конституциялық өзгерістер болды. Алдыңғы қатардағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін саяси жүйені одан әрі демократияландыруға ықпал ететін жаңарулардың бастамашысы Мемлекет басшысының өзі болды.
Реформалар барысында Парламентті, жергілікті өкілді органдарды қалыптастыру мен олардың міндеттік қағидалары қайта қаралды. Барлық деңгейдегі өкілді билік органдарының жоғарыдан төмен басқарылмауы маңызды мәселе болып табылады.
Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістер Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты мәселелерді тұжырымдамалық тұрғыда шешіп, жергілікті билік органдарының дамуына жаңа серпін берді.
«Конституция - құқықтық мемлекеттің тұғыры. Құқықтық мемлекет - тек тәртіптің ғана емес, бостандықтың да негізі болып табылады. Негізгі заң бізді сенімділікке, мемлекет тарапынан құрметтеуге үйренуді, сонымен қатар заңды сыйлауды үйретеді»,- деді Төраға.
Қолданыстағы Конституцияның осындай күрделі кезеңде мемлекет пен қоғам алдында міндеттерді шешу үшін барынша іске қосуға қажетті зор әлеуеті сақталып отыр.
Жоғары өкілді органның қызметіне тоқтала келіп Қ.Тоқаев бірінші кезекте азаматтардың жағдайын жақсартатын заңнамалық актілерді қалыптастыруға бағытталған жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Мәслихаттармен өзара тығыз байланыс қабылданған заңдар күшінің тиімділігін іс жүзінде нақты бағалау мүмкіндіктерінің бірі болып табылады.
Төраға сондай-ақ барлық деңгейдегі басшылардың жолбасшысы «Жол картасы» болып табылатын Президенттің Жолдауына тоқталды. Бұл бағдарламалық құжаттың маңызды мәселесі - еліміздің 2030 жылдарға дейінгі даму Стратегиясының өзгеріссіз және басымдықта болып қала береді. Сабақтастық - түпкі нәтижеге бағдарланған іргелі президенттік саясаттың жарқын көрсеткіші.
Қаржы дағдарысынан өту жағдайындағы жетістіктер мен ел экономикасындағы оң өзгерістерді атап өте келіп Төраға Қазақстанның дамуына Солтүстік Қазақстан облысының үлесі туралы айтты.
Қазіргі кезде қуатты аграрлық секторы, машина құрылысы және энергетикалық кешені бар бұл өңір тұрақты экспорт-импорттық әлеуетті қамтамасыз етеді. Облыс Қазақстан-Ресей шекаралық ынтымақтастығында маңызды орын алады.
Өңірде еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің 13 пайызы өндіріледі және өңделеді. Агроөнеркәсіп кешенін қолдау азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экспортты диверсификациялау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекет пен қоғамды тиімді басқару кәсіби ниеттестер тобын қалыптастыруды қажет етеді. Соңғы жылдарда Президенттің сенімді тірегі «Нұр Отан» партиясы болып отыр.
Қазақстан қоғамының бірігуі мен бірыңғай қазақстандық қоғамды қамтамасыз етуге бағдарланған партияның негізгі бағыттарының қатарында Төраға тұрақтылықты қамтамасыз ету, қабылданған шараларды түсіндіру және ел аймақтарына бөлінген қаржы шығыстарын бақылау жөніндегі жұмыстарды атады.
«Сыбайлас жемқорлықпен күресте партияға ерекше рөл беріледі. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқырылуда және өте тиімді»,- деді Төраға.
Сөзінің қорытындысында Қ.Тоқаев осы пайдалы кездесуге орай облыс басшылығына, мәслихат депутаттарына, аймақ жұртшылығына ризашылық білдіріп, осы өңірде айтылған жаңашыл ой-пікірлер мен ұсыныстарды Парламент Сенаты өзінің заң шығару қызметінде пайдалануға әзір екенін айтты.