Сенат «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заң жобасын талқылап, өзгеріс енгізілгендіктен құжатты Мәжіліске қайтарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасы Елбасының «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақталығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген. Заң жобасы Ұлттық әл-ауқат қорын ұйымдастыру мен оның тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталады, сондай-ақ Қордың мәртебесін, оның қызмет ерекшеліктерін айқындайды. Осыған орай аталған қорға бірқатар ерекше өкілеттіктер беру көзделеді. Атап айтқанда, Үкіметтің шешімі бойынша стратегиялық нысандарды, жер қойнауын пайдаланудың иеліктен айырылатын құқығын және жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қатысу үлесін сатып алудың басым құқығы беріледі. Тоқтала кететін жайт, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры -Үкіметтің Экономика және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі жоспарын орындауда негізгі операторы. Сондықтан да осы Қорға жеке заң әзірленіп, жаңа талаптарды орындау жүзеге асатын болады. Заң жобасы арқылы Қорға бірқатар ерекше өкілеттіктер беру көзделеді. Мәселен, Қорға меншік иелерінің иеліктен шығаратын стратегиялық нысандарды Үкіметтің шешімі бойынша сатып алудың басым құқығы беріледі. Сондай-ақ акция топтамасы ел заңнамасына сәйкес стратегиялық нысандарға жатқызылған ұйымдардың немесе республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны Үкімет шешімі бойынша сатып алу басымдығы, бұдан басқа заңнамадағы тәртіппен банк акцияларын сатып алу құқығы да осы Қорға беріледі. Құжатты талқылау барысында сенаторлардың Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер енгізу қажеттігі туындады. Атап айтқанда, банктердің акцияларын сатып алу мен иеліктен шығару, сондай-ақ аталған акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі Үкіметтің құзіретіне нақты құқық берілді.
Соңғы жаңалықтар