Сенатор Қуаныш Сұлтанов студенттермен кездесті

АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерімен және оқытушылармен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Айта кетелік, Қ. Сұлтановтың жастық шағы ҚазҰУ-мен тығыз байланысты, ол осы оқу орнында тәлім алған. Кездесуге ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов, сенатордың дәріс берген ұстаздары және оқытушылар мен студенттер жиналды. Еркін әңгімелесу түрінде өткен жиында сенатор ұлттық университетте оқыған кезеңдер жайлы естеліктерімен бөлісті. Өз баяндамасында Сенат депутаты өзі басқарып отырған Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің іс-қызметтерін кеңінен таныстырды, жоғарғы палатаның қазіргі уақыттағы басымдыққа ие мақсат-міндеттері жайында айтып берді. Басқосу барысында, сенатор ҚазҰУ-нің қазақ қоғамын қалыптастырудағы маңыздылығын ерекше атап өтті. «Кез-келген Қазақстан азаматы осы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін біздің университет деп меншіктеп атауға құқылы деп ойлаймын. Өйткені бұл оқу орнының қазақ қоғамын, қазақ халқының дүниетанымын қалыптастырудағы ролі орасан зор. Қазіргі ғылым саласында да, техника саласында да жеткен жетістіктер Қазақ ұлттық университетімен тығыз байланысты. Университетті бітіріп шыққан талай түлектер бүгінде ел басқарып, Қазақстанның дамуына үлестерін қосып жүр», деді Қ. Сұлтанов. Еркін әңгіме түрінде өткен кездесудің екінші жартысында оқытушылар мен студенттер тарапынан жастар мен студенттер мәселесіне, білім беру саласына қатысты, мемлекеттік саясат пен Елбасы Жолдауының іске асу барысы туралы сұрақтарды ортаға салды.
Соңғы жаңалықтар