Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сенаторлар Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында өңірлерде бірқатар кездесулер өткізді

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат  - Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин және палатаның Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері Солтүстік Қазақстан облысында болып,

Сенаторлар Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында өңірлерде бірқатар кездесулер өткізді

Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» халыққа Жолдауын түсіндіру жұмыстары бойынша жергілікті активпен және жұртшылықпен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Палата төрағасының орынбасары А.Судьин және Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы С.Ескендіров пен сенатор А.Башмаков Айыртау және Аққайың аудандарының активімен, ҰҚК мен қаржы полициясының жеке құрамымен, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, гуманитарлық-экономикалық колледждің студенттерімен, ұстаздарымен кездесті. Жиналғандар алдында сөз алған төраға орынбасары биылғы стратегиялық құжатта белгіленген әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың ауқымды міндеттеріне тоқталды.

Кездесуге сондай-ақ Парламент Сенатының депутаттары Анатолий Башмаков, Самат Ескендіров қатысып, сөз сөйледі. Сенаторлар қатысқан облыс активінің жиналысында Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айқындалған даму міндеттерін іске асыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, аймақтық даму мәселелері, индустриялық-инновациялық бағдарламаны, агроөнеркәсіп кешенін, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауды жүзеге асырудағы жергілікті биліктің рөліне назар аударылды.

Сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауын түсіндіру мақсатында комитет мүшесі Қ.Баймаханов Қызылорда облысындағы бірқатар аудандарда кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарында, Төретам кенті мен Байқоңыр және Қызылорда қалаларында болды.

Осы мақсатпен Сенат депутаты Қ.Айтаханов Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласы мен Отырар, Ордабасы аудандарында болып, облыстың экономика, мәдени және әлеуметтік салаларында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып, қала, ауыл тұрғындарымен, мәслихат депутаттарымен, ардагерлермен кездесті. Кездесулер барысында Президент Н.Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 27 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді және өзінің атқарып жатқан депутаттық қызметтері туралы жан-жақты айтып берді.

Қарағанды облысында болған депутат Ерлан Нығматулин Балқаш қаласындағы мәслихат депутаттарымен, ардагерлермен, «Балқаштүстіметалл» өндіріс бірлестігінің ұжымымен, Приозерск  қаласындағы әскерилермен, Абай қаласының активімен, білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті. «Балқаштүстіметалл» өндіріс бірлестігінің мыс балқыту цехында, кен-байыту фабрикасында болды.

Қостанай облысында Жолдауды түсіндіру мақсатымен сапарда болған  Сенат депутаты Жеңіс Нұрғалиев облыс активінің сессиясына қатысып, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің оқытушы-профессорлық құрамымен және студенттерімен кездесті. Сондай-ақ ол аталған облыстың Меңдіқара ауданының активімен, аудандық аурухананың және Ғ.Жұмабаев атындағы мектептің ұжымымен де кездесіп, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айқындалған даму міндеттерін іске асыру мәселелерін  ортаға салды.