10:47, 18 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Сенаторлар елордадағы «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығы маңайына терек пен үйеңкі көшеттерін отырғызды
А. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат -Бүгін елордамыз Астанада өткен жалпықалалық сенбілікке Сенат депутаттары мен Аппарат қызметкерлері белсене қатысты,

деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, парламентшілер Астана келбетін айшықтай түсетін жаңа саябақтарды қалыптастырып, көшеттерді отырғызады.
Бүгін, атап айтқанда, «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығының ауданы терек пен үйеңкінің көшеттері отырғызылған жасыл аллеямен толықты.