Сенаторлар Салық комитетінің басшылығымен кездесті
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті депутаттарының Қаржы министрлігі Салық комитетінің басшылығымен кездесуінде жаңа Салық кодексі аясында енгізіліп жатқан ақпараттық жүйелерді одан әрі дамыту мәселелері талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қаржы министрлігі Салық комитетінің басшысы Дәулет Ерғожин салық әкімшіліктендірулерінің жаңа құралдарын жасауға бағытталған тиімді ақпараттық шешімдерді жүзеге асыру туралы әңгімеледі.Салық есебі түрлерінің қысқартылумен, салық қарызын салудың осы заманғы қадамдарының енгізілуімен қатар тәуекелдерді басқару, ҚҚС автоматты түрде қайтару, мемлекеттік органдармен өзара жедел іс-қимылын, тиімді салық аудитін қарастыратын жүйенің ілкі жобалары тәжіриебеден өтіп жатыр.Д.Ерғожиннің айтуынша, үстіміздегі жылдың наурыз айында «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымша тәжірибелік тұрғыда пайдалануға енгізілді.
«Салық төлеушінің кабинеті» салық төлеушінің жайлы да жеделдігін және тиімді іс-қимылын елеулі түрде арттыратын электрондық үкімет қызметі дамуының жаңа сатысы болып табылады.