Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетовпен кездесті

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат. Бүгін Ахан Бижанов бастаған Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары еліміздің туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетовпен кездесті,

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетовпен кездесті

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесуді аша отырып А.Бижанов министрлік басшылығын Астанада халықаралық ауқымдағы шара - Дүниежүзілік туристік ұйымдар Бас Ассамблеясы 18 сессиясының табысты өтуімен құттықтады.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін маңызды мәселе адам факторы екенін атап өте келіп А.Бижанов  әлеуметтік зор ерекшелігі мен әлеуеттілігі тұрғысынан салауатты өмір салты мен дене шынықтыру және спортпен айналысуды насихаттауды, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму үдерістеріне тікелей әсер ететініне тоқталды.

Саланы мемлекеттік қолдау бағыттарына қатысты комитет төрағасы спортшыларды әлеуметтік қолдаудағы жаңалықтарға, заңнамалық негізді жетілдіру жұмыстарына, оны халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіруге назар аударды.

А.Бижановтың айтуынша, биыл Парламент бірқатар маңызды заңнамалық актілер қабылдады, оның бірі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға енгізілген түзетулер болды. Заң қабылданғаннан кейін еліміздегі дене шынықтыру және спорт қозғалысы субъектілері заңнамалық тұрғыда айқындалды.

Сондай-ақ туристік қызмет туралы салалық заңға да өзгерістер мен толықтырулар қабылданды, онда туризм саласын тиімді мемлекеттік реттеу жүйесіне жаңа қадамдар мен туристік қызмет субъектілерінің өзара іс-қимыл үшін жағдай жасау заңнамалық тұрғыда қарастырылды.

Министрліктің таяудағы басым бағыттары ретінде А.Бижанов жетінші Азия ойындарына әзірлік және оны өткізуді ұйымдастыруды атады. «Ойынға әзірлік бірқатар әлеуметтік міндеттерді шешуге жәрдемдесе алады. Ол еңбекке қабілетті жұртшылықты нысандар құрылысына кеңінен тартуға, қалалар инфрақұрылымын жақсартуға, көптеген басқару құрылымдарының қызметін белсенділендіруге, сондай-ақ еліміздің туристік әлеуетін ұлғайтуға ықпал етеді»,-деп атап өтті комитет төрағасы.

Кездесуде туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетов биылғы жылғы мекеменің қызметі туралы, 2011 жылғы жетінші қысқы Азия ойындарына әзірлік жұмыстарының барысы туралы таныстырды. Азияданы өткізуге әзірлік туралы айта келіп Т.Досмұхамбетов барлық нысандар 2010 жылғы күзде пайдалануға берілетінін атап өтті.