Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде заң жобасы талқыланды

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Заң жобасы Қазақстан Республикасының Қаржы секторын 2007-2011 жылдарға дамытуға бағытталған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында, отандық және халықаралық тәжірибелер ескеріле отырып әзірленген болатын.
Заң жобасының негізгі мақсаты өмірді жинақтық сақтандыруды және сақтандыру нарығы инфрақұрылымдарын одан әрі дамыту шараларын қабылдау, сақтандыру делдалдығы қызметінің негізгі құқықтарын бекіту, сақтандыру статистикасының толыққанды базасын қалыптастыру арқылы тариф саясатының мәселелерін шешу болып табылады.
Заң жобасымен Азаматтық және Салық кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, сондай-ақ «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры туралы», «Көлік құралдары иелерін міндетті сақтандырудың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» заңдарға түзетулер енгізілетін болады.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберіледі.