13:46, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Сенаттың кезекті жалпы отырысы өтті
АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды,

деп хабарлады ҚазАқпаратқа Сенаттың баспасөз қызметінен.
Күн тәртібіне сәйкес депутаттар отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілетін энергия ресурстарын кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады. Бірқатар талқылаудан кейін заң жобасына өзгерістер енгізіліп, Парламент Мәжілісіне жіберілді.Одан кейін талқыға салынған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына да өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Парламент Мәжілісіне жіберілді.Сондай-ақ отырыста Парламент палаталары арасындағы келіспеушіліктерді қарау және еңсеру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша келісу комиссиясының құрамына сенаторлар өз әріптестерін сайлады.Одан басқа Сенат Регламентінің 173-2 тармағына сәйкес халықаралық парламенттік ұйымдары мен шет мемлекеттердің парламенттерімен ынтымақтастық топтарына палата депутаттары жіберілетін болды.
Отырыс соңында Төраға алдағы аптада өздері сайланған аймақтарға аттанатын депутаттардың жергілікті жерлердегі қызметіне табыс тіледі.