15:46, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Сенаттың комитетінде тауарлар экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісім туралы заң жобасы талқыланды
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде «Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасы кеден одағы мен бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру мәселелері жөніндегі халықаралық келісімдердің күшіне енуіне қажетті мемлекет ішіндегі рәсімдерді аяқтау үшін шаралар қабылдау мақсатында әзірленді.Кодекс баптарына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодекстің 19 бабына сәйкес кеден органдары Салық кодексі және кеден заңнамаларына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткен кезде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің алынуын жүзеге асырады.Кеден кодексінің 24-бабында кеден органдарының кеден төлемдері мен салықты толық алуды және уақытында бюджетке аударуды қамтамасыз етуге міндетті екені қарастырылған.Сонымен бір уақытта келісімнің 3 бабына сәйкес, импорттаушы салық төлеуші тіркелген жердегі салық органдарына тауарлардың импорты кезінде жанама салықтарды алу жүктелетін болады.