Сенбіде күн құбылмалы болады, қар мен жаңбыр жауады
Қазгидромет синоптиктері 21 қазан, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.
Республиканың басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады.
Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің батысында күндіз қатты жауын жауады.
Тек республиканың оңтүстік батысында күн аздап бұлтты, жауын-шашын жаумайды.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық аймақтарда көктайғақ болады.