Сенбі күні елдің басым аумағында күн жауын-шашынсыз өтеді, батыс пен оңтүстікте жаңбыр, күшті желдер болжануда

ТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша сенбі, 22 қазан күні Қазақстанның басым бөлігі аумақты антициклонның ықпалында болып, күн жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде.

Сенбі күні елдің басым аумағында күн жауын-шашынсыз өтеді, батыс пен оңтүстікте жаңбыр, күшті желдер болжануда

Елдің тек батысы мен оңтүстігінде атмосфералық ағымдардың әсер етуімен жекелеген жерлерде жаңбыр жауып, күшті желдер соғады.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің екпіні 15-21 м/с-қа дейін көтеріледі. Қызылорда облысында желге шаңды дауыл араласады.

Ал Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей аумақтарына тұман түседі.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы үш тәулікте елдің таулы өзендерінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарындағы сулы нысандарда су бетінің біртіндеп сууы байқалады.