Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, солтүстік пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін.Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Ақмола, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Қостанай, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан  облыстарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ыстық болады, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.