Сенбі күні Қазақстанның елеулі бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады - Қазгидромет

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК хабарлағандай, 2011 жылдың 8 қазанында атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның елеулі бөлігінің кей жерлерінде жел күшейіп, жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында жауын-шашын болмайды.

Сенбі күні Қазақстанның елеулі бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады - Қазгидромет

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облысында желдің күші секундына 15-22 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің қуаты кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді, түнде тұман болады.

Маңғыстау, таңертең Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі.