07:14, 03 Қаңтар 2015 | GMT +5
Сенбі күні республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді
АСТАНА.ҚазАқпарат - 3 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады,жел күшейіп, боран соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Қостанай облысында таңертең тұман түседі, күндіз кейбір аймақтарда 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с-қа дейін барады. Ақмола облысында боран соғады, желдің екпіні 15-20 м/с. Алматы облысының кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 17-22 м/с болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман болып, түнде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түседі, боран соғып, желдің күші 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Атырау облысының кейбір аймақтарында 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз боран болады.