Сенбілікте үздік селфи жасаған астаналықтар сыйлыққа ие болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбілікке шығып, үздік селфи жасаған астаналықтарға сыйлықтар таратылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Сарыарқа бойынша дәстүрлі селфи-байқау жариялаймыз! Астананың тазалығын қолдайтыныңды білдір. 22 қыркүйек күні экологиялық айлық аясында жалпықалалық сенбілікке қатыс та, өз қалаңды қалай құрметтейтініңді көрсет. Сенің ісің көпке үлгі болсын. Біздің тазалық пен тәртіпке махаббатымызды танымал ете түсейік. Сенбілік деген керемет шаруа. Қоқыс тастамау керек! Біз бірлесе отырып, өскелең ұрпаққа тәртіп пен тазалықты үйрете аламыз. Ең креативті сенбілікке шыққандарды әдеттегідей сыйлық күтіп тұр», - деді Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Facebook парақшасында.

Селфи-байқауға қатысу шарттары жеңіл. Яғни, 22 қыркүйек күні сенбілік барысында селфи жасап, оны #тазасарыарқа #чистаясарыарка хештегтерімен Facebook-те жариялау керек.

Соңғы жаңалықтар
telegram