Сенегал премьер-министрі қызметінен босатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Сенегал президенті Бассиру Диомай Фай үкімет басшысы Усман Сонконы қызметінен босату туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды ТАСС.

Сенегал премьер-министрі қызметінен босатылды
Фото: Синьхуа

Тиісті қаулы РТС телеарнасында оқылды. Жаңа премьер-министрді тағайындау уақыты мен оның аты-жөні жарияланбады.

Dakaractu жаңалықтар порталы Сонконың жұмыстан босатылуы іс жүзінде бүкіл үкіметтің таратылғанын білдіреді деп атап өтті.

Президент министрлерге жаңа үкімет тағайындалғанға дейін жұмыс істеуді тапсырды.

Президент пен премьер-министрдің қарым-қатынасы 2025 жылдың соңында елдің саяси және экономикалық бағыты мәселелеріне байланысты нашарлады. Бұл жағдай Фай мен Сонко ұзақ уақыт бойы оппозицияны басқарып, жақын одақтас болғанына қарамастан болды.

Айта кетейік, 2024 жылдың наурызында Фай президенттік сайлауда жеңіске жетті. Қылмыстық үкіміне байланысты сайлауға қатысуға құқығы жоқ Сонко Файдың кандидатурасын мақұлдады. Инаугурация күні Фай Сонконы үкімет басшысы етіп тағайындады.