Сенімге ие болу рейтингісінде - «Нұр Отан» партиясы көшбасшы - әлеуметтік зерттеу қорытындысы

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Сенімге ие болу рейтингісінде «Нұр Отан» партиясы көшбасшылықө деңгейін көрсетті.
None
None

Бұл туралы бүгін «Қазақстан халқының әлеуметтік-саяси жағдайының серпіні» атты әлеуметтік зерттеуінің қорытындыларымен таныстырған баспасөз мәслихатында «InfoSystem» зерттеу орталығы» қоғамдық қорының директоры Салтанат Ахмедова және «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты қоғамдық-саяси жобалар бөлімінің меңгерушісі Жанар Боқанова мәлім етті.

Айта кетелік, елімізде саяси партиялардың рейтінгісін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында «танымалдылық», «сенім» және «дауыс беруге дайындық» сынды 3 көрсеткіш бойынша халық арасындағы партиялардың беделіне баға берілді.

Салтанат Ахмедованың айтуынша, бірінші топқа танымалдылық деңгейі ең жоғары партиялар кірген. Бұл топқа тек бір ғана партия - «Нұр Отан» партиясы кірді, бұл партия туралы сауалнама жүргізілгендердің 94,4%-ы естіп-біледі. Екінші топқа «Ақ жол», «Әділет», ҚКХП, Патриоттар партиясы және «Азат» ЖСДП енген. Бұл партиялардың барлығы 34-42% танымдылық деңгейіне ие. Үшінші топқа аз танылған партиялар кіреді, олар жайлы сауалнама алынғандардың шамамен 20%-ы біледі, бұл - «Ауыл» партиясы, ҚКП, «Руханият» партиялары.

Сонымен қатар сарапшылар Сенімге ие болу рейтингісінде де «Нұр Отан» партиясының көшбасшылық деңгейде екендігін алға тартады. Оған сауалнама жүргізілгендердің 78,8 %-ы сенім білдірген. Басқа партияларға деген сенімділік 5-20% аралығындағы деңгейді құраған.

«Электоралды рейтинг дифференциясы одан да басым - тіпті, электораттың 1 %-ын да жинамаған партияларға қарағанда, "Нұр Отан" партиясы анық көшбасшы - 82,4 пайызға ие», - деді сарапшылар.

Соңғы жаңалықтар