«Сенімсіздік синдромы» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 4 қазан, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық кеңес өтіп, онда агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған салалық бағдарламасының жобасы талқыланды. Бағдарламаның негізгі қағида­лары туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндама жасады. «АШМ басшысының айтуынша, бағдарлама төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар: қар­жы­лық сауықтыру, тауарлардың, жұ­мыстар мен қызметтердің АӨК субъектілері үшін қолжетімділігін арттыру, АӨК субъектілерін қам­тамасыз етудің мемлекеттік жүйе­сін дамыту, сондай-ақ АӨК-ті мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру», - деп жазады басылым.

 

«Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кезекті жалпы отырысында төрт мәселе қаралды. Депутаттар күн тәртібінде Кеден одағының біріккен алқасы, балаларды ұрлау, мемлекеттік қызметтер және үшінші елдерге қатысты қорғау мәселелері бойынша заң жобаларын талқыға салды», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санындағы «Бірінші кезекте ел мүддесі қорғалуы тиіс» деген тақырыптағы мақаласында. Басылымның атап өтуінше, ең алдымен депутаттар әлеу­меттік маңызы бар мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістерді көздейтін заң жобасына қорытынды әзір­леуді бекітіп алды. Аталған заң­дық құжат мемлекеттік қызмет көрсету уақыты мен халықтан талап етілетін құжаттар тізімін қысқартумен байланысты дай­ын­далған

***

«Алаш айнасы» газетінің бүгінгі санында «Балалар алаңқайын ақтөстің әжетханасына айналдырдық» деген тақырыпта мақала жарық көрген. Мақала авторы: «Қала көшелерінде сәбиін емес, итін жетектеген жандар соңғы жылдары көбейіп келеді. Бұған қарап, бұрын ит адамға дос еді, енді баланың орнын басқан ба деп қаласың. Шынымен де, еш қысылмастан төрт аяқты хайуандарын балалар алаңқайларына қыдыртатындар да шығып жүр. Ит жетектегендер ата-аналардың қарсылығына пысқырып та қарамайды. Себебі ауланы ақтөстің әжетханасына айналдырды екен деп оларды ешкім жазалап жатқан жоқ», - дейді. Ит қанша жерден үйге үйретілгенімен, далаға шыққан соң, ескі әдетіне басатыны белгілі. Көбіне ауладағы балалардың ойыншықтарына сарып кетеді. Тіпті үйінде жағымсыз иіс болмауы үшін «достарын» үлкен дәретке отырғызу мақсатында далаға арнайы шығарып тұратындар көп. Алысқа апармай-ақ есік алдындағы алаңқайға қажеттілігін өткізе салатынын айтсаңызшы, деп  мәселе көтереді басылым.

 

Сондай-ақ осы басылымдағы «Бала асырап алу мұғалімнің ғана маңдайына жазылған ба?» атты мақалада балалар үйінен бала асырап алу құқына  ұстаздар ғана ие болғаны жайлы жазады. Сонда  денсаулығы, материалдық жағдайы жақсы, бала асырауға ынталы әрі қабілетті басқа жұртқа тағылатын қандай кінә бар? Осы ретте басылым ұстаздарға ғана осындай құқық беріп қойған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы кодексінің 133-бабы 3-тармағына сәйкес биылғы жылдың наурызында ел Үкіметі Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы қаулысына сын артады.

***

«Байқап қарасаңыз, бізде бәрі дұрыс: Қазақстан жайнап тұр, қазаны қайнап тұр. Ел еңсесі көтерілген. Ел дәулеті де еселенген. Көңілдер жайланған. Бірақ кей адамдар ойланған. Жаңалық ашуға емес. Елден қашуға... Бұл қалай? Біртүрлі қорқыныш бойды билейді. Айдың күннің аманында олар неге елден қашады? Қашуға не себеп? Жылы орнының астынан су шықты ма? Жоқ мұның басқа бір себебі бар ма?», - деп жазады «Айқын» газеті. Осы ретте басылым елімізден бой тасалаған бірнеше қашқын шенеунікті мысалға келтіріп өтеді. «Аурудың емін табу үшін диагнозды дәл қою керек. Қоғамның дертін табу үшін де солай. Қазіргі қазақ қоғамы «Сенімсіздік синдромы» деген пәлеге ұшырап отыр. Біз оны емдей аламыз ба? Емделе аламыз ба? Жоқ, енді ем қонбай ма?!», -делінген «Сенімсіздік синдромы» деген тақырыптағы мақалада.

***

«Қазақстанда бензин қымбаттады»,- деп жазады «Известия Казахстан» газеті. Басылымның атап өтуінше, жанармай бағасының бұл жолға шарықтауы еліміздің табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жанар-жағармай сатудың шекті бағасын өсіруіне байланысы орын алған. Сонымен мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы шекті бағасы дизель отынына литріне 94, АИ-80-ге 89, АИ-92-ге 110 теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар