18:56, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Сербия бүгін Еуроодаққа енуге өтінім береді
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - Сербия бүгін Еуроодаққа қосылу туралы өтінім береді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Оны қазіргі уақытта Еуроодаққа төрағалық етуші Швецияның премьер-министрі Фредерик Рейнфельдтке Сербияның президенті Борис Тадич бермекші.